Сорбонна - Казахстан
Институты
       
  Біз туралы  •  Талапкерлерге  •  Білім беру  •  Кітапхана  •  Студенттік өмір  •  Байланыстар  
Басты / Біз туралы /

Біз туралы

2013 жылдың 17 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ мен Сорбонна француз университеті арасында «Сорбонна-Қазақстан Институтын ашу» туралы екі оқу орыны басшылары меморандумға қол қойды. Енді Қазақстан азаматтары ел аумағынан шықпай-ақ еуропалық білім ала алады.

Аталған халықаралық жоба Қазақстан Республикасы мүше болып отырған Болон (Италия) Декларациясының талаптары мен принциптеріне толық сәйкес келеді. «Сорбонна-Қазақстан» институтының біздің туған топырағымызда ашылуы отандастарымыздың беделді еуропалық білім алуына, халықаралық білім стандарттарына сай келетін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, жастарымыздың қос диплом бағдарламасы бойынша екі елдің де дипломдарын алып шығуына мүмкіншілік береді.

2014 жылдың 06 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Франция Президенті Франсуа Олланд, Қазақстанда мемлекеттік іс сапарында, әлемдегі екінші, тек Орталық Азияда «Сорбонна-Қазақстан» институтын салтанатты түрде ашты.

Институттың ашылуы барысында Нұрсұлтан Назарбаев бұл шараға екі елбасының қатысуы, екі елдің білімге деген ықыласпенден қою жобасы екенін айтып өтті.

Сонымен бірге біздің Елбасы Қазақстан мемлекеті әлемдік инновациялық білімге ұмтылмай өз жаңа экономикасын құра алмайтындығын қадап айтты.

«Біздің елімізд білім саласы дамудың ең жоғарғы приоритеті болып табылады, және Қазақстан әлемнің ең үздік стандарттарына ұмтылады.

Мақсатымыз, жастарымыздың өз елінде білім алып, болашаққа жарқын қарауына мүмкіндік алу. Әлемге әйгілі университеттің Бізге келуі, Біздің дұрыс жолда екендігімізді көрсетеді», - деп айтты ҚазақстанРеспубликасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Франсуа Олланд өз сөздерінде, Алматы қаласынан француз университетінің ашылуы Қазақстан-Франция ынтымақтастығындағы мәдениет және білім саласындағы ең маңызды сәт болып саналады және бұл шара өз жалғасын табады, -деп атап өтті. Франция Президенті осы ашылып отырған жаңа жоғарғы білім орнының түлектері Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосатынына сеніммен қарайтынын айтты.

Институтта алғашқы дәрісті Францияның мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, Сенат депутаттары АндрэДюле, Доминик Жийо, Катерин Прокачия өткізді.

 

Сорбонна-Қазақстан институтында 2015-2016 оқу жылынан бастап біріккен халықаралық бакалавриат бағдарламалары бойынша дайындайды:

 

·                 5В020200– Халықаралыққатынастар

·                 5В030200– Халықаралық құқық

·                 5В050700– Менеджмент

 

Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін Абай атындағы ҚазҰПУ-нің мемлекеттік үлгідегі қазақстандық дипломын және Сорбонна Париж Ситэ Университетінің сертификатын алады

Сонымен қатар Институтта магистратураның қос дипломды бағдарламалары бойынша төмендегідей мамандықтарды дайындайды:

·                 6М020200 – Халықаралық қатынастар («Жаһандану кезеңіндегі халықаралық келісім /диалог/»)

·                 6М050700 – Менеджмент («Қазіргі әлемдегі  өзгерістерді басқару»)

 

2014-2015 оқу жылына магистратураның бойынша 60 білім беру гранты бөлінді.

Институт түлектері Абай атындағы ҚазҰПУ-нің мемлекеттік үлгідегі қазақстандық дипломын және Сорбонна Париж Ситэ Университетінің дипломын алады.

 
Біз туралы

қыркүйек 2017
ДсСсСрБсЖмСнЖс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  
28, Қазыбек би, Қазақстан, Алматы, 050000