БІЗ ТҰРАЛЫ

Біз туралы

 

2013 жылдың 17 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ мен Сорбонна француз университеті арасында «Сорбонна-Қазақстан Институтын ашу» туралы екі оқу орыны басшылары меморандумға қол қойды. Енді Қазақстан азаматтары ел аумағынан шықпай-ақ еуропалық білім ала алады.

Аталған халықаралық жоба Қазақстан Республикасы мүше болып отырған Болон (Италия) Декларациясының талаптары мен принциптеріне толық сәйкес келеді. «Сорбонна-Қазақстан» институтының біздің туған топырағымызда ашылуы отандастарымыздың беделді еуропалық білім алуына, халықаралық білім стандарттарына сай келетін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, жастарымыздың қос диплом бағдарламасы бойынша екі елдің де дипломдарын алып шығуына мүмкіншілік береді.

2014 жылдың 06 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Франция Президенті Франсуа Олланд, Қазақстанда мемлекеттік іс сапарында, әлемдегі екінші, тек Орталық Азияда «Сорбонна-Қазақстан» институтын салтанатты түрде ашты.

Институттың ашылуы барысында Нұрсұлтан Назарбаев бұл шараға екі елбасының қатысуы, екі елдің білімге деген ықыласпенден қою жобасы екенін айтып өтті.

Сонымен бірге біздің Елбасы Қазақстан мемлекеті әлемдік инновациялық білімге ұмтылмай өз жаңа экономикасын құра алмайтындығын қадап айтты.

«Біздің елімізд білім саласы дамудың ең жоғарғы приоритеті болып табылады, және Қазақстан әлемнің ең үздік стандарттарына ұмтылады.

Мақсатымыз, жастарымыздың өз елінде білім алып, болашаққа жарқын қарауына мүмкіндік алу. Әлемге әйгілі университеттің Бізге келуі, Біздің дұрыс жолда екендігімізді көрсетеді», - деп айтты ҚазақстанРеспубликасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Франсуа Олланд өз сөздерінде, Алматы қаласынан француз университетінің ашылуы Қазақстан-Франция ынтымақтастығындағы мәдениет және білім саласындағы ең маңызды сәт болып саналады және бұл шара өз жалғасын табады, -деп атап өтті. Франция Президенті осы ашылып отырған жаңа жоғарғы білім орнының түлектері Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосатынына сеніммен қарайтынын айтты.

Институтта алғашқы дәрісті Францияның мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, Сенат депутаттары АндрэДюле, Доминик Жийо, Катерин Прокачия өткізді.

 

Қосымша ақпарат біздің брошюрада

  

 

1464


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БІТІРУШІЛЕР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ