ЖАҢАЛЫҚТАР

20-09-2019

2019 жылғы 18-21 қыркүйек аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті G-Global-мен бірлесіп QS WORLDWIDE конференциясының «Жаһандық танымалдыққа саяхат: адам мұрасының гармониясы және алдыңғы қатарлы технологиялар» конференциясын өткізді.

Осы конференция аясында 19 қыркүйекте Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институтында «Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы университеттердің рөлі: Қазақстан мен Франция университеттері арасындағы ынтымақтастық» атты ІІІ Қазақстан-Француз форумы өтті.

 

Форумда құттықтау сөздері мен баяндамалар жасалды: Филипп Мартинэ мырза - Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі; Рогов Игорь Иванович - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Еуропа Кеңесіндегі Венециандық Комиссияның мүшесі; Ысқақов Ерлан Ұзанұлы Қазақстан Республикасы СІМ-нің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы; Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы – Абай атындағы ҚазҰПУ, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі – Абай атындағы ҚазҰПУ туралы баяндамамен; Али Смида – Сорбонна Париж-13 Университетінің ресми өкілі, профессор (Франция) «Қартайған титаник. Қарттарға қамқорлық көрсетудің қандай бағыттары бар?»; Пьер Тифин – Лотарингия университеті, Құқық институтының директоры, әкімшілік құқық саласының маманы, профессор (Франция) - «Ақылды қалаларда алгоритмдерді қолданумен байланысты кейбір құқықтық мәселелер»; Личиа Баджини – Пуатье университетінің Әдебиет және тілдер кафедрасы, Орталық Азия университеттерімен өзара әрекеттесуге жауапты және Филипп Рожон – Пуатье университетінің профессоры, Халықаралық ынтымақтастық үшін жауапты (Франция), «Пуатье университеті: тұрақты даму және экологиялық жауапкершілік» презентациясымен; Брахим Элоуади - Ла Рошель университетінің профессоры, Ла Рошель университеті туралы баяндамамен; Нугербеков Серик – G-Global халықаралық хатшылығының басшысы.

 

Форумға қатысты: Таумурат Данияр Таумұратұлы - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бастығы, Токушев Қайыржан Ахметбекұлы - «SANALY URPAQ» Республикалық жобалық кеңсесінің басшысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық клубының өкілдері (Алматы) дипломатиялық корпус, қазақстандық жоғары оқу орындарының ғалымдары, Абай атындағы Сорбонна-Қазақстан институтының шетелдік студенттері және басқалар.

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры - Такир Оспанұлы Балықбаев барлық презентациялар француз ғалымдарының Қазақстанда да, Францияда да БҰҰ-ның Тұрақты Даму Мақсаттарында анықталған өзекті аспектілеріне жоғары қызығушылығын білдіретінін атап өтті.

 

 

 

 

Форум барысында Лотарингия университетінде «Еуропалық және Францияның құқықтық және экономикалық жүйесіне кіріспе» бағдарламасы бойынша бітірген студенттерге марапаттау рәсімі өтті.

 

Форумда «Бабалар Сазы» этнографиялық тобының концерті, Абай атындағы өнер, мәдениет және спорт институтының қолданбалы өнер көрмесі, Абай атындағы ҚазҰПУ, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, ҚазҰПУ-дің кескіндеме, өнер және графика кафедрасының доценті. - Килибаев Нұрлан Аталықұлы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БІТІРУШІЛЕР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ