ЖАҢАЛЫҚТАР

29-03-2018

День открытых дверей в 11ч, Улица Достык, 13, Алматы

 

"«Абай сыйы» олимпиадасы биыл үшінші рет өткелі отыр. Ол мектеп оқушыларының іргелі пәндерді терең оқып-үйренуге деген ынтасын арттыруды, олардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін ашуды, сондай-ақ, жас таланттарды іздеп табуды мақсат етеді.

Сонымен бірге олимпиаданы өткізу әрбір оқу жылының барысында оқушылармен жүргізілетін жұмыстардың біртұтас бағдарламасының маңызды саласы болып табылады. Балалардың бойындағы жоғары қабілет нышандарын анықтау бағытында Абай атындағы ҚазҰПУ-да әртүрлі пәндік олимпиадаларды, қабылдау сынақтарының тапсырмалары бойынша байқауларды қамтыған жан-жақты шаралар тізбегі қалыптасқан, мектеп оқушыларына арналған лекциялар мен семинарлар, кешкі мектеп дәрістері, ғылыми-педагогикалық конкурстар жүйелі түрде ұйымдастырылады, тұрақты түрдегі онлайн-дәрістер сипатындағы интернеттік бейне конференциялар негізінде республикамыздың шағын жинақты мектептерімен тығыз байланыстар жүзеге асырылады.

Мұндай тұтас шаралар жүйесінің мақсаты: Абай атындағы ҚазҰПУ-да білім алуға қабілетті талапкерлерді анықтау. Олимпиада өткізу ісі ҚР Білім және ғылым министрлігі, білім департаменттерінің басшылары, мектептер мен лицейлердің, гимназиялардың директорлары тарапынан қызу қолдау табады деп үміттенеміз.

Олимпиада 11 сынып оқушыларының арасында өткізілетінін естеріңізге саламыз." (http://olymp.kaznpu.kz/kz/)

 

379
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БІТІРУШІЛЕР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ