01-04-2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СОРБОННА-ҚАЗАҚСТАН ИНСТИТУТЫ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Сорбонна-Қазақстан Институты 2019 жылы 19 сәуірде «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету: мемлекет пен қоғам рөлі» II қазақ-француз форумын өткізеді.

Форумға Еуропа Одағынан белгілі сарапшылар, Қазақстан Республикасы мен Францияның мемлекеттік органдарының жетекшілері, Францияның атақты университеттерінің ректорлары, Франция мен Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми орталықтары, дипломатиялық корпус өкілдері, сондай-ақ, шетелдік және қазақстандық көрнекі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысады.

ӨТЕТІН ОРНЫ

Novotel Almaty City Center,

(Достық даңғылы, 104 A, Алматы, Тел: +7 (702) 584 68 31

Тел: +7 (727) 355 32 34

Форумның басталуы: сағат 10:00

 

ФОРУМ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

  • 1. Құқық үстемдігі және қауіпсіздік
  • Конституциялық құндылықтар және әділеттілік

  • Сайлау құқығын жүзеге асыру және қауіпсіздік

  • Сот ісін жүргізуді жаңғырту және қауіпсіздік

  • Халықаралық қауіпсіздік құқы

  • Қылмыстық сот ісін жүргізуді жаңғырту және қауіпсіздік

  • Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша мемлекеттердің халықаралық және аймақтық деңгейдегі әріптестігі

  • Азаматтық қоғам қауіпсіздігі: адам құқықтары, әйел және бала құқықтары т.б.

  • Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде құқық қорғау органдарының рөлі

Платформа 2. Ұлттық мүддені көздеу және экономикалық дипломатия

  • Қазақстандық дипломатияның стратегиясы және Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының жаңа бағыттары

  • Халықаралық дипломатияның экономикалық басымдықтары

  • Халықаралық қатынастар аймақтық жүйесінің көпқырлы аспектілері

  • Қазіргі кезеңдегі қазақстан-француз ынтымақтастығының дамуы

  • Ғаламдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі халықаралық ұйымдардың рөлі

  • Еуропа Одағының Орта-Азия аймағы елдерімен әріптестік стратегиясының басым бағыттары

Платформа 3. Сандық форматқа өту – қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа факторы ретінде

  • Сандық Қазақстан: сандық құқық, сандық экономика, сандық дипломатия

  • Сандық университет: халықаралық тәжірибе

  • Сандық форматқа өту және киберқауіпсіздік

  • Сандық технологиялар және қауіпсіздік мәселелері

    • 4. Білім беру, денсаулық сақтау және қауіпсіздік
  • Ғаламдық әлемдегі білім беру

  • Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент

  • Ғылым мен білім берудегі ақпараттық қауіпсіздік

  • Сорбонна-Қазақстан Институты Орта-Азия аймағындағы сапалы білім беруді дамытудың жаңа векторы

  • Қазақстан мен Франция екіжақты қарым-қатынасын нығайтудағы француз тілінің рөлі

  • Интеллектуалды ұлт қалыптастыруда білім беру ісінің рөлі

    • 5 . Экономикалық, қаржылық қауіпсіздік және жаһандану жағдайындағы бизнес
  • Жаңа экономикалық өзгерістер жағдайындағы Қазақстан мен Францияның инвестициялық, сауда-экономикалық әріптестігі

  • Қауіпсіздіктің экологиялық және энергетикалық өлшемдері

  • Ғаламдық экономика мәселелері: жаһандануға төтеп беру, сауда соғыстары, протекционизм және әлемдік экономикалық кеңістіктің жіктелуі

  • Әлемдік сауда жүйесіне сенім орнату, Дүниежүзілік сауда ұйымын реформалау

    Форум жұмысына келесідей форматта қатысуға болады:

  • Пленарлық отырыста баяндама;

  • Секциялық отырыста баяндама;

  • Баяндама жариялау;

 

Баяндамаларды өңдеуге қойылатын талаптар:

Форумның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, француз, ағылшын.

  1. Баяндама мәтіні 6 беттен аспауы тиіс және MSWORD (6.0 или 7.0) бағдарламасында жазылуы керек.

  2. Мәтіннің техникалық өңделуі: шрифт Тimes New Roman, кегль 14; жоларалық интервал – бір жол; шеті: сол жағы – 3 см, оң жағы, жоғарғы жағы, төменгі жағы – 2 см.

    1. Парақтың жоғарғы жағына – қою бас әріптермен баяндаманың атауы, астына бір жол тастап, автордың аты-жөні толығымен жазылады, бір жол тастап, негізгі мәтін беріледі.

    4.Формулаларды – формулалар редакторына (Microsoft Equation) салып беру керек.

  1. Сілтемелер ағылшын жақшасына салынады, әдебиеттер тізімі баяндама мәтінінің соңында, сілтеме берілу ретіне қарай орналасады.

    Уақытынан кешіктірілген немесе өңделуге қойылатын талаптарды сақтамаған баяндамаларды ұйымдастыру комитеті қабылдамауға құқылы. Материалдар кері қайтарылмайды.

Қатысу шарты:

Форумға қатысу үшін 2019 жылдың 15 сәуірге дейін баяндама мәтінін: 050010, Алматы қаласы, Қазыбек би, 28, Сорбонна-Қазақстан Институты, №19 каб., (ұйымдастыру комитетінің телефон нөмірлері: +7(727) 2914063, +7 (727) 2938335) немесе forum-2@sorbonne.kz электронды мекенжайына келесі материалдарды жіберіп үлгеру қажет:

  1. Талапқа сай өңделген баяндама мәтіні;

  2. Автор жайлы қалыптасқан формаға (қосымша тіркелген) салынған мәлімет.

     

    Автор жайлы мәлімет

  1. Аты-жөні _________________________________________________

  2. Ғылыми атағы, дәрежесі ______________________________________

  3. Мекеме, қызметі _____________________________________

  4. Мекенжайы,телефон/факс____________________________________

  5. E-mail ____________________________________________________

  6. Баяндама тақырыбы_________________________________________

  7. Форумның қай бағытын таңдайсыз?_____________________________

  8. Ұйымдастыру комитетінен шақыру қажеттілігі бар ма?____________

    Егер қажет болған жағдайда, міндетті түрде факс номерін, шақыру қағазын жіберетін тұлғаның аты-жөнін, лауазымын толық көрсетуіңізді өтінеміз.

     

143
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ІЗДЕУ


МҰРАҒАТ


БАСТЫ БЕТ
БІЗ ТҰРАЛЫ
БІЛІМ
ФРАНЦИЯДА ОҚУ
ШЕТЕЛДIК ТАЛАПКЕРЛЕР
КАФЕДРАЛАР
СТУДЕНТТІК ӨМІР
ГАЛЕРЕЯ
СЕРІКТЕСТІКТЕР
МАНСАП
ФРАНЦУЗ КУРСТАР
БІТІРУШІЛЕР
БАЙЛАНЫСТАР
ИНТРАНЕТ
ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
© 2017 SORBONNE.KZ